16:22, 04 Сәуір 2024
Алексей Навальныйға Дрезден бейбітшілік сыйлығы берілді
Алексей Навальныйға Дрезден бейбітшілік сыйлығы берілді. Бұл марапат бейбітшілік пен халықаралық түсіністікке ерекше үлес қосқан адамдарға беріледі, деп жазады Deutsche Welle.
Марапаттау рәсімі Дрезденде 12 мамырда өтеді. Сыйлықты саясаткердің әйелі Юлия Навальная алады.
Айта кетейік, Дрезден бейбітшілік сыйлығы 2010 жылдан бері беріліп келеді. Оның лауреаттары арасында екі ресейлік болды. Олар - КСРО президенті Михаил Горбачев (2010 жылы) және 1983 жылы КСРО мен АҚШ арасындағы ықтимал ядролық қақтығыстың алдын алған әскери офицер Станислав Петров (2015 жылы) еді.
Фото: interfax.ru