Әлем чемпионаты кезінде Англия құрамасын тонап кетті
АҚШ-та өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты кезінде Англия ұлттық құрамасы күтпеген жағдайға тап болды.
Команданың жаттығу құралдары, ойыншылардың аяқ киімдері мен өзге де жабдықтары ұрланған. Бұл туралы британдық БАҚ хабарлады.
Оқиға Англия құрамасының жүктерін Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бичтен Канзас-Ситидегі оқу-жаттығу базасына тасымалдау кезінде болған.
Жоғалған заттардың қатарында команда капитаны Хәрри Кейн мен жартылай қорғаушы Джуд Беллингемге арнайы дайындалған бутсылар, турнирдің ресми доптары, жаттығу жабдықтары, массаж үстелдері және бас бапкер Томас Тухель пайдаланатын тактикалық тақталар бар.
Оқиғаға байланысты Канзас-Сити полициясы жедел тергеу жұмыстарын бастап, істі ерекше бақылауға алған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, құраманың қызметтік көлігінен бірқатар жабдықтардың жоғалғаны расталған. Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осы жағдайдан кейін Англия футбол қауымдастығы мен демеушілер жоғалған жабдықтардың орнын толтыру жұмыстарын қолға алды. Футболшыларға қажетті аяқ киімдер мен жаттығу құралдарын АҚШ-қа шұғыл жеткізу ұйымдастырылуда.
Айта кетейік, Англия құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 17 маусым күні Хорватия құрамасына қарсы өткізеді.