Әлемде Аляскапокс вирусынан алғаш рет адам көз жұмды
Әлемде алғаш рет адам мысықпен байланыста болған адам жаңа вирус түрін жұқтырып қаза болды. Аляска шешегі жайлы не белгілі?
Америка Құрама Штаттарының Кенай түбегінде жаңа Аляскапокс вирусынан (AKPV) алғашқы адам қайтыс болды. Аляска денсаулық сақтау департаменті ер адамның қаза болғанын жұма күні хабарлады.
Белгілі болғандай Американдықтың қатерлі ісікпен емдеуге байланысты иммунитеті әлсірегені атап өтілді. Ол орманды аймақта жалғыз тұрған, сондай-ақ қаңғыбас мысықпен байланыста болғаны анықталды. Мысық әрдайым ер адамды тырнап, кішкентай сүтқоректілерді жеген. Артынша мысыққа жасалған сынама AKPV үшін теріс нәтиже көрсетті.
AKPV вирусы алғаш рет 2015 жылы табылды
Аляскапокс вирусы штатта 2015 жылы табылған және оның белгілері шешек ауруына ұқсас. Аляска шешек инфекциясы тек алты адамда расталды, олардың барлығы Аляска орталығындағы Фэрбенкс аймағында тіркелген. Барлық инфекциялар жануарлармен байланыс нәтижесінде пайда болған.
Эпидемиолог доктор Джулия Роджерстің айтуынша, жануарлар бірінші кезекте вирусты жұқтырады. Сарапшының пайымдауынша, вирус адам мен жануар арасында тікелей байланыста болған жағдайда жұғады. Сонымен бірге, Роджерс вирустың адамнан адамға жұғуының дәлелі жоқ екенін атап өтті.