Live

Алматы облысында сушиден кейін 19 адам ауруханаға түсті

Алматы облысының Боралдай кентінде жаппай тағамнан улану оқиғасы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 19 адам шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізілген.

суши

Белгілі болғандай, зардап шеккендердің барлығы өздерін жайсыз сезінер алдында жергілікті «Алатау» базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық тамақтану орнынан тағам тұтынған. Қазіргі уақытта аталған нысан ресми тексеру аяқталғанға дейін жұмысын толық тоқтатты.

Оқиға орнына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет (СЭС) мамандары барған.

Ведомствоның мәліметінше, мамандар мекемені жедел тексеріп, дайын тағамдардан, шикізаттан және түрлі беттерден сынамалар алған. Барлық үлгілер зертханалық сараптамаға жіберіліп, уланудың нақты себебі мен инфекция қоздырғышын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сараптама нәтижелері кейінірек жарияланады.

Қазіргі уақытта жағдай өңірдің денсаулық сақтау органдарының бақылауында. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз