Алматы облысында тұрғын үй кешенінің ауласында екі баланы көлік қағып кетті
Алматы облысының Талғар ауданында көлік екі баланы қағып кетті.
Оқиға 4 қыркүйек күні шамамен сағат 18:20-да Бесағаш ауылындағы «Нурия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан балалар түрлі дене жарақатын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, көлікті басқарған 25 жастағы жүргізуші жауапкершілікке тартылған.