Қоғам

Алматыда есірткі курьері ұсталды

Алматы қаласының Алатау ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-дүкеннің бір тармағының қызметі тоқтатылды.

Полиция

Онда 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген.

Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың «экстази» таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы – 2,5 келі, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз