Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды
Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Өгей ұлы әкесін пышақтап тастады.
Алматының Алмалы ауданындағы Брусиловс көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған отбасылық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды.
Оқиға түнгі сағат үш шамасында болған. Адам пышақталғаны туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен. Дәрігерлер 59 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол көптеген пышақ жарақаты мен қан жоғалтудың салдарынан көз жұмды.
Полицейлер күдіктіні жедел іздестіру барысында қолға түсірді. Тергеу мәліметінше, ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған.
Полицияның мәліметінше, негізгі болжамдардың бірі – күдіктінің анасымен байланысты келіспеушіліктерден туындаған жанжал. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.