Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:43, 04 Мамыр 2024

Алматыда суретші Асхат Ахмедияровтың «JAD» көрмесі өтіп жатыр

ы
Фото: из открытых источников

Алматыда суретші Асхат Ахмедияровтың Қаңтар оқиғасына арналған “JAD” көрмесі өтіп жатыр. 1 мамырда басталған көрме жұмысы 10 мамырға дейін жалғасады.

Азаттық радиосының мәліметінше, көрмеде Қаңтар оқиғасына қатысты 11 композиция қойылған. Оның ішінде қаралы оқиға кезінде түсірілген фотолар, үтік, полиция таяғы, медицина қызметкерінің киімі бар.

Көрме залында Асхат Ахмедияров үтікпен тағы бір перформанс қойды. Ол үтікті матаға басқанда полиция суреті бейнеленеді. Суретші Қаңтар оқиғасы кезінде болған азаптауларды осы перформансы арқылы бейнелеген. Қара матамен бөлінген көрме залының екінші бөлмесі Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарға арналған. Мұнда екі қабырғаға Қаңтарда қаза тапқан 175 марқұмның фотосы ілінген. Жерде 63 бос рамка қойылған. Ұйымдастырушылар қабырғаға ілінген 175 адамның аты-жөнін анықтап, құжаттаған. Қалған 63 адамның деректері толық зерттелмеген, деп жазады Азаттық.

Көрмені “Ар. Рух. Хақ” құқық қорғау ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина ұйымдастырған. 101Dump галереясында өтіп жатқан бұл көрме 10 мамырға дейін жалғасады.

Айта кетейік, 2022 жылы болған Қаңтар оқиғасы кезінде кемі 238 адам қаза тапты. Ал, оқиғадан кейін ұсталған азаматтарға түрлі азаптаулар қолданылғаны айылды. Екі жыл өткен соң, сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев лауазымдық қызметін асыра пайдаланғаны үшін ұсталды. 

Фото: Есдәулет Қожекенов