Live

Алматыда УЕФА-ның ең жоғары санатындағы 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Алматыда 45 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионының құрылысы жүріп жатыр. Нысанды 2028 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған.

1

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.

Жаңа арена Құлжа және Талғар тас жолдарының бойындағы шамамен 32 гектар аумақта орналасады.

Алматы қалалық құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, стадион УЕФА-ның төртінші санатының талаптарына толық сәйкес келеді. Бұл онда халықаралық футбол матчтарын және басқа да ірі спорттық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында негізгі аренамен қатар жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған бөлмелер, жанкүйерлер аймақтары және заманауи қауіпсіздік жүйелері салынады.

Сондай-ақ стадион маңы толық абаттандырылып, жол-көлік инфрақұрылымы жаңартылады. Әкімдік бұл шаралар аренаға қатынауды жеңілдетіп, бұқаралық іс-шаралар кезінде көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз