Live

Алматыдағы резонансты сот барысында журналистерді сыртынан құлыптап қойған

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахановқа қатысты сот процесі кезінде журналистер сот ғимаратынан шыға алмай қалғандарын айтып, шағымданды.

1

Бұл туралы оқиға орнында болған тілші хабарлады.

«Алмалы ауданаралық сотының қызметкерлері журналистердің құқығын шектеді. Бізді сот ғимаратынан шығармай, кәсіби қызметімізге кедергі келтірді. Мұндай жағдай кеше де болған, бүгін тағы қайталанды. Біздің ойымызша, мұның мақсаты – журналистердің Әділетханнан сұхбат алуына мүмкіндік бермеу. Егер сот қызметкерлері заңды бұзса, онда оларды кім жауапқа тартады?» – деп жазды журналист Руслан Өтепбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналист жариялаған видеода БАҚ өкілдерінің сот ғимаратындағы кабинеттердің бірінде қамалып қалғаны көрінеді.

Ал Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, оқиғаны техникалық ақаумен байланыстырды.

«Бұл техникалық жағдай болды – есіктің құлпы сынып қалды. Өзім сол жерде болдым, ешкімді әдейі қамап қойған жоқ. Мұндай сот процестерінде қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкерлері әрдайым болады. Олар журналистердің жұмысына ешқашан кедергі келтірмейді. БАҚ өкілдеріне арналған жеке зал бар», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз