Алматыдағы сауда үйіндегі өрттен үш адам құтқарылды
Алматыда сауда үйінде шыққан өрт кезінде үш адам, оның ішінде екі бала құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт туралы хабар Алатау ауданындағы Нұркент шағынауданында орналасқан сауда үйінен 112 пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, өрттің ғимараттың бірінші қабатынан шыққанын анықтаған.
Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан үш адамды қауіпсіз жерге шығарды. Екі бала үш иінді саты арқылы эвакуацияланса, тағы бір ересек адам құтқару қалпағының көмегімен шығарылды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.