Әлеумет

Алматылық тұрғын туған әкесін сот арқылы үйінен шығармақ болған

Алматы қаласында қызының өз үйінен туған әкесін шығаруға қатысты дау кассациялық сотта қаралды.

зейнет

Іс материалдарына сәйкес, тұрғын үй талап қоюшының меншігінде болғандықтан, ол сотқа әкесін баспанадан шығару туралы талап арыз берген. Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандырған.

Алайда апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тартты. Сот «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 68-бабына сүйене отырып, меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді онымен тең дәрежеде пайдалануға құқылы екенін атап өтті.

Сотта анықталғандай, ер адам 2022 жылдың қыркүйегінен бері қызының үйінде тұрып келген. Осы уақыт аралығында үй иесі оның тұруына қарсылық білдірмеген.

Апелляциялық шешіммен келіспеген талап қоюшы кассациялық сотқа шағымданғанымен, жоғары сот алқасы да апелляциялық инстанцияның қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, туған әкесін тұрғын үйден шығару туралы талап қанағаттандырылған жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз