Анна Данилина «Ролан Гаррос» финалында чемпиондық үшін таласады
Қазақстандық теннисші Анна Данилина 7 маусым күні өтетін "Ролан Гаррос" турнирінің әйелдер арасындағы жұптық сындағы финалында өнер көрсетеді.
Отандасымыз сербиялық Александра Круничпен жұп құрап, шешуші кездесуде чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд жұбына қарсы ойнайды.
Финалдық матч Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.Биылғы турнирдің жұптық сындағы чемпиондары әрқайсысы 600 мың еуро көлемінде сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Айта кетейік, Анна Данилина – биылғы Ролан Гаррос жарысында ел намысын қорғап, финалға дейін жеткен Қазақстанның жалғыз өкілі.