Саясат

АҚШ-тан кейін Бразилия да ДДҰ-нан шығатынын мәлімдеді

АҚШпрезиденті секілді Барзилия басшысы да COVID-19 қарапайым тұмау вирусынанқауіпті емес деп санайды, сондықтан елде карантиндік шаралардың енгізілуінеқарсы.

АҚШ-тан кейін Бразилия да ДДҰ-нан шығатынын мәлімдеді

Бразилия президенті Джейр Болсонару Дүниежүзілік денсаулық сақтауұйымы (ДДСҰ) қатарынан елін шығарғалы жатыр, деп хабарлайды zakon.kz Korrespondent-кесілтеме жасап.

Мен турасынайтайын, әне АҚШ ДДСҰ-дан кетті, дұрыс істеді, біз де болашақта бұл мүмкіндіктіқарастырып жатырмыз. ДДСҰ идеологияға жұмыс істеуін доғарады немесе біз оданшығамыз. Бізге денсаулық сақтау саласында не істеу керектігімізді сырттанбұйырып, нұсқаулық жүргізетін адамдар қажет емес, — деді президент.

Бразилия елінің басшысы бұл мәлімдемені ДДСҰ өкілі МаргаретХарристің сөзіне берген жауаубы еді. Ал ол қазіргі кезде — пандемия жағдайындакарантиндік шектеулерді бірден алып тастау мүмкін еместігін ескерткен.

Латын Америкасындағыіндеттің өршуі өте қатты алаңдаушылық туғызады, — деді Харрис.

Болсонару COVID-19 қарапайым тұмау вирусынан аса қауіпті емесдеп санайды және елде карантиндік шаралардың енгізілуіне қарсы. Негізінен,Болсанаруды АҚШ президентіне түрі мен көзқарастарының ұқсастықтары үшінбаспасөзде жиі «тропикалық Трамп» деп те атайды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз