Саясат

Араздық ауруды қоздырады

Біз қазір соғысжағдайындамыз, көзге көрінбейтін жаумен соғыстамыз. Соны еліміз түсінсе екен.

Араздық ауруды қоздырады

Әлемдеауырған адам саны да, өлім де аспандап барады. Мына жерде жанды шүбереккетүйіп, өзіміз бірдеңе ілестіріп алмайық деп, ешкімге кесіріміз тимесін депүйден шықпай отырмыз. Әркімнің иммундық жүйесі вирусқа әртүрлі жауап береді.Бірінің екі күннен кейін-ақ қызуы көтеріледі, бірі екі апта бойы сап-сау адамшажүруі мүмкін. Әсіресе жастардың көбінде симптом болмайды, сондықтан тесттапсырмайынша, ешкім де «саумын» деп айта алмайды.

 Дүкенге сүт алуғашығып келдім, бірақ үйдің есігін ашқанда, лифтінің пернесін басқанда, недүкеннен алған сүт бөтелкесін ұстағанда бірдеңе ілесіп келмегеніне кепіл болаалмаймын. Сондықтан сүттің бөтелкесін де, кілтімді де, карточка мен телефондыда үйге кіргенде дезинфекциялауға, қолымды сабынмен жууға тиіспін. Сыртқа кигенкиімді кіреберістегі гардеробқа бөлек қоямын. Бұл ойыншық емес.

 Бір адаммыңдаған адамды ауру қылады. 2003 жылы Қытайдан Гонконгқа ұшып барған жалғызадам SARS-ты шамамен 2000 адамға жұқтырды, 350 адам қайтыс болды. Бірконтактіден. Бірақ SARS әлсіз болып шықты. Coronavirus өте мықты вирус екенінкісі шығынынан-ақ көріп отырсыз.

Албізде жан-жақтан келген қазақтар Алматы мен астанамызда шауып жүр деп естиміз.Шекарадан ұстап алып, бірден күштеп карантинге жаппаса,өзін тыя алмайды. Өзің өліп қалмассың, бірақ өзіңнен гөрі аурушаң біреуге неқариялардың біріне жұқтырып, көрге итеремдеп қорықпайсың ба?

 «Бүгін мешіттежұма намазға кіргізбеді» деп дауласқан бауырларымның видеосын көріп қанымбасыма тепті. (Иранда вирустың қалай тарағанына қарасаңдаршы!) Бұл – жауапкершіліктіңжоқтығы ғана емес, надандық. Сол жерде түкірігі шашырап дауласып тұрғандарвирус таратып тұрмағанына кім кепіл? Көлігіне жанармай құйып жатып, не дүкенненнан алып жатып бірдеңе ілестірмегеніне әркім жауап бере ала ма? Қазақстанда 60адам ба? Демек, вирус кезіп жүр деген сөз, ешкім де одан сақталмаған.

  Британияда дабір адамнан басталған, бір жарым ай бұрын. Қазір 71 адам қайтыс болды, 2000адам дертті. 50 мыңға жуық адам тест тапсырғанда анықталғаны осы. Билік ауруларсаны 10-20 мыңныңүстінде дейді, тек бәрін анықтауға тест жетпей жатыр. Ал Қазақстанда қанша адамтестен өтті?

Лондондапаб-мейрамханалар жабылмады, мектептерді бүгін ғана жапты, транспорт жүріп тұр.Бірақ көшеде кісі саны күрт азайды. Дүкендер бос.

Батыстажағдай ушығып тұр, бірақ мені еліміз көбірекалаңдатады. Өйткені батыста жетпей жатқан аппараттар Қазақстанда жетпейтіні екібастан.Әрі қалаға әскер кіргізіп, карантинжариялап жатса туған күн тойлағысы келетін, намазды мешітте оқығысы келетінбейғам халқым бар.

 Бізбір-бірімізді шайға шақырып, той тойлағанды жақсы көреміз. Қазір бір-біріміздіжақсы көргенімізді, бағалайтынымызды кездесуге бармай, алақан беріп амандаспайкөрсетуге қажетті уақыт.

  Сосын, Құдайүшін, бүтін ұлттарды «жау» деп, «жауыз» деп балағаттауды қояйықшы. Біз өзімізде ұлттық негізде кемсітіліп келген халықпыз, оның қандай болатынын білемізғой. Пандемия шығатыны анық болған, әлемге тез тарайтыны да анық болған жәнебұл алғашқы да, соңғы пандемия емес. Қазіргі технологиямен, ерсілі-қарсылыжүріспен кез келген бәле солай таралады.

Бірақ осындай сәттерде адамгершілік сыналады, бұлдүрмекте сасық пайдакүнемдік – мұнай бағасы түскен, коронавирус жайлағаннегативті жағдайға негатив қоса береді. Ертең өкпесіне ауа жетпей, аппарат қажетететін жағдай болса, бізде «кімнің танысы бар, соған бұйырады» деген жағдайғажете ме, халық ашынып, бірін-бірі түтіп жей ме деп қорқамын. Моральдықдеградация дәл вирустың өзіндей қауіпті. Бір-бірімізді қорғайық, өзіміздісақтайық. (Winteris here SHAPE  * MERGEFORMAT :))

Әсия Бағдәулетқызы 

Лондон

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз