Бүгін, 14:10
Армения үкіметі еуропалық интеграция туралы заң жобасын мақұлдады
Арменияның ЕО-ға кіру процесін бастауға мүмкіндік беретін заң жобасы парламенттің мақұлдауына жіберілді. Премьер-министр Никол Пашинянның айтуынша, осыдан кейін Армения билігі Брюссельмен жол картасын талқылай алады.
Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян соңғы жылдары Армения мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар «қарқынды және серпінді» болғанын атап өтті. "Олар өте бай мазмұнға ие болды және сонымен қатар әртүрлі салаларды қамтыды. ЕО әртүрлі жағдайларда армян демократиясына күшті саяси қолдау білдірді. ЕО, шын мәнінде, Армения Республикасының айналасында қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге қатысты", - деді ол.