Армения ҰҚШҰ-ның оқу-жаттығу жиындарына қатысудан бас тартты
Армения ҰҚШҰ-ның Қырғызстанда өтетін кезекті оқу-жаттығу жиынына қатысудан бас тартты. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды.
«Армян тарапы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарламайтынын хабарлады», - делінген хабарламада.
Жаттығулар қыркүйектің 3-і мен 15-і аралығында Қырғыз Республикасының аумағында өтетіні нақтыланды.
Бұған дейін Арменияның 14-16 тамызда Новосібірде өтетін арнайы жасақ бөлімшелерінің оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартқаны белгілі болған. Олардың арасында Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бар.
Ақпан айында Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеген. Кейінірек елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян да 2024 жылы республика ұйымға жарна төлемейтінін мәлімдеді.