спорт

Әртістік жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан күміс жүлдегер атанды

Будапештте (Венгрия) әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Әртістік жүзу

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Спорттық акробатика бағдарламасында екінші орын иеленді. Қазақстан құрамасы 203,0926 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада еліміздің намысын Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, София Ичшенко, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова және Салима Ақылбек қорғады.

Бірінші орынды 232,2147 ұпай жинахан Ресей құрамасы иеленди. Үшінші орын Беларусь спортшыларына бұйырды – 200,9777 ұпай.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір үш медаль бар. Бұған дейин Виктор Друзин үшінші орын алса, Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов күміс жүлдеге и болған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз