Астанада Қосшы бағытына қарай LRT-ның екінші кезеңінің құрылысы басталды
Астанада Қосшы бағытына қарай LRT-ның екінші кезеңінің құрылысы басталды.
Астанада Қосшы бағытындағы LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысына кірісті.
Жоба аясында алғашқы тіректі құю жұмыстары аяқталды, сондай-ақ елорданың бетон зауытында желінің эстакадалық бөлігіне арналған алғашқы темірбетон құрама арқалығы дайындалды.
Қосшы бағытында 300-ден астам тірек тұрғызу, эстакаданың 538 құрама темірбетон арқалығын және сегіз монолитті арқалықты монтаждау жоспарланған.
Жобаны іске асыру елорданың көлік инфрақұрылымын дамытуға және қаланың қала маңындағы елді мекендермен байланысын арттыруға мүмкіндік береді деп болжанған.
Астанадағы LRT – ел тарихындағы ең даулы инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бастапқыда оның құрылысы 2011 жылы ұсынылғанымен, нақты жұмыстар тек 2017 жылы басталды. Жобаның сметалық құны бірнеше рет өзгеріп, 1 млрд доллардан асып кеткені мәлім. Бірнеше рет тоқтап қалған құрылыс жемқорлық дауына да іліккен. Бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.