Әлеумет

Астанада жарнама үшін полиция қызметкеріне «пранк» жасағандар қамауға алынды

Астанада екі тұрғын шаурмаға  жарнама жасау үшін суға батып бара жатқандай кейіп танытамын деп, қамауға алынды.

Полиция

Оқиға Гребной канал аумағында болған. Видеоға түсірілген пранкта қыз полиция қызметкерінен суға кетіп бара жатқан жігітті құтқаруды сұрайды. Тәртіп сақшысы бірден суға секіріп, көмек көрсетуге тырысқан.

Алайда кейін бұл жағдайдың бәрі алдын ала ұйымдастырылған «пранк» екені белгілі болды. Жастар осылайша дәмхананың жарнамасын жасаған.

Полицияның мәліметінше, қызметкер сол кезде жұмысқа бара жатқан және көмек сұралған соң бірден әрекет еткен. Кейін пранк ұйымдастырушылары полицейге кафе сертификатын сыйлаған. Бірақ олардың әрекеті ұсақ бұзақылық деп танылды.

Сот шешімімен пранкке қатысқан бір адам 15 тәулікке, екіншісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз