Live

Астанадағы LRT-ге ресми түрде жаңа атау берілді

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) ресми түрде Tarlan Astana деп аталды. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.

LRT

Құжатқа сәйкес, енді жоба барлық ресми құжаттарда Tarlan Astana атауымен қолданылады.

Қаулыда бұл шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және 2026 жылғы 12 маусымдағы Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысына сәйкес қабылданғаны көрсетілген.

Қаулының орындалуын, соның ішінде құжаттарды, маңдайшаларды және өзге де ақпараттық материалдарды жаңартуды Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы бақылауға алады.

Бұған дейін Tarlan Astana атауын беру туралы ұсыныс қоғамдық талқылауға шығарылған болатын. Бастаманы қалалық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері және талқылауға қатысқан елорда тұрғындары қолдаған.

Енді жаңа атау мемлекеттік органдар мен қаланың көлік жүйесінде ресми түрде қолданылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз