14:42, 13 Мамыр 2024
Атырауда археологиялық қазба орындарын су басу қаупі бар
Атырауда Сарайшық қалашығы мен археологиялық қазба орындарының ежелгі қорымдарын су басу қаупі бар. Бұл туралы жергілікті Ақ жайық басылымы хабарлады.
Қазір Атырау облысы ТЖД 40-қа жуық қызметкері Индер ауданынан көшірілген.
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстарына ҚР Қорғаныс министрлігінің "Батыс" РМҚК 60 қызметкері және екі арнайы техника бірлігі, сондай-ақ, Қарағанды облысы ТЖД 52 859 ә/б 25 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер қалашықтың айналасындағы қорғаныс қоршауларын нығайтуға тартылады, деп жазды басылым.
Қауіпті аймақтарда Қорғаныс министрлігінің 200-ге жуық әскери қызметшісі мен Төтенше жағдай министрлігінің 51 қызметкері екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.
Фото: Ақжайық