Live

Атырауда ауа сапасы нашарлады: кей аудандарда күкіртсутек мөлшері нормадан 12 есе асты

Атырау тұрғындары бірнеше түн қатарынан қалада өткір иіс сезіліп, бас ауырып, денсаулықтары нашарлағанын айтып шағымданды.

Атырау

 Жаңа шағымдардан кейін жергілікті билік ауа сапасына қатысты жағдайдың күрделі екенін мойындады.

7 қыркүйекке қараған түні Ақшағала, Жилгородок, Нұрсая және Авангард шағынаудандарынан шағым көп түскен. AirKZ мәліметінше, кей аудандарда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден бірнеше есе асып кеткен. Жергілікті БАҚ Жилгородокта көрсеткіштің қалыпты мөлшерден 12 еседен астам жоғары болғанын хабарлады.

Осыдан кейін облыс әкімі Болат Ақшолақов шұғыл жиын өткізіп, тексеру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін жүргізілген түнгі өлшеулер барысында көміртек тотығы, изопропилбензол және диэтилбензол сияқты бірнеше ластаушы зат бойынша шекті мөлшерден асып кету анықталған.

Енді билік шығарындылардың көзі болуы мүмкін кәсіпорындарға қатысты ресми тексеру жүргізуге қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Ықтимал көздердің қатарында қаланың оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан нысандар, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты да аталды.

Тегтер: Атырау
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз