Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:50, 22 Мамыр 2024

Атырауда белсенді Қанат Бимырзаев 15 тәулікке қамалды

в
Фото: из открытых источников

21 мамыр күні кешке бір топ құлсарылық тұрғын белсенді Қанат Бимырзаевты босату туралы үндеу жолдады. Бұл туралы АқЖайық асылымы жазған.

«Біз Құлсары қаласы Жылыой ауданы Теміржолшы ықшамауданының тұрғындары Қанат Бимырзаевтың негізсіз қамауға алынуына байланысты бейнеүндеу жолдаймыз. Бимырзаев су тасқыны кезінде белсенділік танытып, халықтың мұң-мұқтажын әкімшілікке жеткізді. Біз мұндай азаматтың негізсіз қамауға алынуына қарсымыз және оны босатуды талап етеміз», - деп талап қойды.

Осыдан кейін бір топ адам әкімшілік ғимаратының алдында осындай үндеу жасаған. Ал, Бимырзаевқа қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мынадай жауап жолдады:

«Атырау қалалық полиция департаменті хабарлайды: 20 мамыр күні сағат 8:00 шамасында Бергалиев көшесінің бойында «Тойота Камри» автокөлігі фары өшіп, дөңгелегі жарылған күйде жүріп келе жатқаны үшін тоқтатылды. 1985 жылы туған күдікті көлік жүргізушісі наркологиялық тексеруден өтіп, оның есірткіге масаң күйде болғаны анықталды. Ол сот шешімімен 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», делінген.

Фото: АқЖайық

Тегтер: