Б. Байбек: Біреулер сан-саққа жүгіртіп, дауласып жатқанда, ол нақты қадамдар жасап, өз реформаларын жүзеге асырды
«Nur Otan»партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек aikyn.kz-ке бергенсұхбатында Елбасының өз президенттік өкілеттігін тоқтатуына бір жыл толуынаорай өз ойын ортаға салып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды дербес ел ретіндеқалыптастыру мен дамытудағы рөлі жайында кеңінен әңгімелеп берді.
Партия төрағасының Бірінші орынбасары Елбасының мемлекетті дамытудағы рөлі туралы айтқанда,ең алдымен мұның бәрі қалай басталғанын еске түсіру маңызды екеніне тоқталды. Оныңайтуынша, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын жағдайды басынанөткізді: тоқырауға ұшыраған экономика, шарықтаған инфлияция, Ішкі жалпы өнімніңқұлдырауы, бюджет тапшылығы, халық табысының күрт төмендеуі, жаппай жұмыссыздықетек алды. Сонымен қатар, Қазақстанда ауқымды этносаралық кикілжіңдер орыналады деген сәуегейлер де болды. Елімізді демографиялық құлдырау күтіптұрды. Қазақтардың саны өз жерінде 39%-ақ болды немесе бар жоғы 6,5 миллионадамды құрады. Бұлсоңғы 100 жылда орын алған трагедиялық оқиғалардың салдары еді.
Осы уақытішінде Қазақстан 300 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты, бұлаймақтағы ең жоғары көрсеткіш. ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 27пайызға жетті. 12 мың шақырым жол салынды және қайта жөнделді. 2,5 мың шақырымтемір жол төселді. Қазақстанға 1 миллионнан аса отандасымыз оралды. Бүгіндехалық саны 18,5 миллион адамды құрап отыр.
«Мұныңбарлығына халықтың бейбітшілігі, келісімі және бірлігінің арқасында қолжеткіздік. Тәуелсіздіктің барлық жетістіктері біздің күнделікті өміріміздің ажырамасбөлігіне айналды. Қоғам мұны бұрыннан бар қалыпты жағдай ретінде қабылдайбастады. Ал шын мәнінде ғасырға тең ұзақ жол артта қалды. Бұл жол оңай болғанжоқ. Елді алға жылжытқан, қуатын арттырған күнделікті маңызды шешімдер,қателіктер мен тәжірибелердің кезеңі болды. Осы үшін Елбасы бастаған ағаұрпаққа алғыс айтқым келеді. Олар елдікті қайта жаңғыртты, мемлекетіміз еңсесін тіктеді, сенімі нық, ертеңі ерен ұлтболып ұйыстық» — деді Бауыржан Байбек.
Партия төрағасыныңБірінші орынбасары Елбасы бастамасымен жүзеге асқан көптеген табысты жобалардыңорындалуы оңайға соқпағанын тілге тиек етті.
«Елбасыға кейжағдайда мемлекет мүддесі үшін көпке жаға бермейтін шешім қабылдауына туракелді. Біреулер сан-саққа жүгіртіп, дауласып жатқанда, ол нақты қадамдар жасап,өз реформаларын жүзеге асырды.Бүгінфактілерді бұрмалап, жетістіктерге күмән келтіріп, ақты қара деуге тырысатындарда бар. Әрине, кейдебәрін өз деңгейінде орындау мүмкін болмаған шығар. Бірақ орасан зор жұмыстаратқарылды. «Аузымен орақ орғанның белі ауырмайды» дейді халқымыз, ал «жолазабын тек жүрген білер». «Бір адамның жаққан отына он адам жылынады» дегендей,атқарылған істің игілігін бүгінде ел көруде», — деп атап көрсетті БауыржанБайбек.
Оқырмандар сұхбатпен толығырақ aikyn.kz сайтынан танысаалады:https://aikyn.kz/b-bajbek-elbasy-bastaghan-agha-urpaq-eldikti-qajta-zhangghyrtty-memleketimiz-engsesin-tiktedi-senimi-nyq-ertengi-eren-ult-bolyp-ujystyq/