Live

Бас прокуратурада жаңа бөлімше құрылды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

Киберқылмыс

Отырысқа Президент әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, салалық министрліктер, қаржы ұйымдары, байланыс операторлары мен онлайн-платформалар қатысты.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті құрылымында Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы құрылды.

2026 жылғы 18 сәуірден бастап бұл комитетке заңнамалық тұрғыда жаңа функция – болжамдық-аналитикалық қызмет жүктеледі. Оның аясында мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленеді.

Орталықтың талдауы көрсеткендей, алаяқтық қоңыраулардың едәуір бөлігі мессенджерлер арқылы (әсіресе WhatsApp) жасалады. Бұл қылмыскерлердің дәстүрлі телеком инфрақұрылымынан тыс әрекет етіп жатқанын білдіреді.

Мамандар 18 жаңа киберқауіпті анықтаған. Олардың қатарында:

  • SMS-бластерлер арқылы жаппай хабар тарату,

  • фишингтік шабуылдар мен дипфейк технологиялары,

  • нөмірді алмастыру және тіркелмеген SIM-карталарды пайдалану бар.

2026 жылғы 4 сәуірде елімізде алғаш рет SMS-бластер қолдану дерегі әшкереленген.

Тегтер: Киберқылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз