Батыр Сайрагүл Қытайдың қытығына неге тиді?
АҚШ мемлекеттік департаментінің Шыңжаңның бұрынғы тұрғыны Сайрагүл Сауытбайға«Батыл әйел» сыйлығын беруі Қытайдың Қазақстандағыелшісі Чжан Сяоның ашу-ызасын туғызды.
Дипломатқа тән сыпайылықты былай ысырып қойған ол өзінің Facebook-тағы парақшасында АҚШ пен СайрагүлСауытбайға кәрін төге шүйлікті. «Бұл – Қытайдың ішкі ісіне араласуға бағытталғанкөпе-көрінеу арандату. Вашингтон… Шыңжаңда тұрақсыздық орнату арқылы Қытайдыңтүбіне жетпек.… Вашингтон өз өтірігіне өзі сеніп жүр. Бұл олардың надандығыныңбелгісі. ...«Батырға» байланысты айтарымыз, ол Қытайда да, Қазақстанда да қылмыскердеп танылған. Оның ерлігі – Отанын сату, өзін, отбасын асыраған елге қара күйежағу. Егер ерлік жасағыш болса, Шыңжаңдағы несиесін жаппай ма? Өкініштісі – ол өзініңгеосаяси циркте қандай рөл атқарып жүргенін түсінбейді», – деп жазды елші.
Сайрагүл Сауытбайға «Батыл әйел»сыйлығының берілуі Чжан Сяоны ғана емес, бүкіл Қытайды дүрліктірген секілді. Шыңжаң-Ұйғыравтономиясының телеарнасы Қытайдың Қазақстандағы елшісінің сөзін дәлелдей түсу үшінарнайы сюжет дайындады. Онда төрт адам қытайша сөйледі. Соның бірі БисараСауытбай сіңлісі Сайрагүлдің Қазақстанғақашып кеткенше өзімен бірге тұрғанын, оның ешқандай «қайта тәрбиелеу» лагеріндежұмыс істемегенін, оған билік тарапынан қысым болмағанын, Сайрагүлдің қазірайтып жүргені өтірік екенін мәлімдеді.
Ал өзін Шағансу бастауыш мектебініңдиректорымын деп таныстырған Қаданұр Тажи 2018 жылдың 20 наурызында өзі басқаратынмекемеге Сайрагүлдің мұғалім болып ауысқанын айтты. Айтуынша, Сайрагүл бірайдан кейін «күйеуіммен ажырасып келем» деп сұранып, сол кеткеннен мол кетіпті.Қаданұр Тажи Сайрагүл Сауытбайды «екіжүзді, адамға жақсылық жасамайтын өте қауіптіадам» деп бағалады. Бұдан кейін өзін Шыңжаңның Мұңғұлкөре ауданы Шағансу қарыз кооперативінің(банк) маманымын деп таныстырған Тянь Чи Линь деген біреу Сайрагүл Сауытбайдың банктен 470 мың юань қарызалып, қашып кеткенін айтты. Оның айтуынша, қазір Сайрагүлге несие алып беругекепіл болған адамдарға қаржы ауыртпалығы түсіп, қиналып жатыр екен.
Сюжетте төртінші болып Сайрагүлдің сіңлісіПанаргүл Сауытбай сөйледі. Оның айтуынша, Сайрагүл Қазақстанға қашып кетердіңалдында өзінің машинасын Панаргүлге сатыпты. Ол машинаны сатып алуы үшінбанктен 45 мың юань (7000 доллар) алып, оны Сайрагүлге берген. Ал Сайрагүлболса машинаны рәсімдемей, Қазақстанға тайып тұрған. Соның кесірінен Панаргүлмашинасыз әрі ақшасыз қалыпты. «Несиемді әлі өтеп жатырмын. Сайрагүлді қаттыжек көріп кеттім. Туған сіңлісіне қастандық жасайды деп мүлдем ойламаппын.Сайрагүлдің кесірі туыстарымызға, ауылдастарымызға тиіп жатыр», – деп зарладыПанаргүл.
Әрине, мұның бәрі Сайрагүл Сауытбайдың тұлғасынакөлеңке түсіре алмайды. Қытай билігінің Сайрагүлді экономикалық қылмыскер, алаяқетіп көрсетуі тым кешеуілдеп жасалған әрекет. Отбасымен қосылу үшін Қытайдан қашып келгенде, оған Қазақстанда шекарадан заңсыз өту айыбы ғана тағылған және ол сот шешімінде көрсетілген жазанытолық өтеді. Қазақстан үкіметі Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеуі Қытайдыңыңғайына жығылып, Шыңжаңдағы қазақтар мен ұйғырларға және басқа да аз ұлттарғажасалып жатқан репрессияны, түркітілді мұсылман халықты салт-дәстүрінен мәжбүрлепайыру үшін құрылған концлагерьлердің бар екенін жасырып қалуды көздейтін саясишешім еді. Сондықтан оған босқын мәртебесі берілмеді, Сайрагүл Сауытбай бала-шағасынертіп Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды, БҰҰ-ның көмегімен Швециядан пана тапты.
Қытай билігінің Сайрагүл Сауытбайдансескенетін себебі – ол Шыңжаңдағы концлагерьлердің бірінде тұтқындарға қытайтілінен бірнеше ай сабақ берген. Ондағы режимді, концлагерьлердің құрылымдық жүйесін,тұтқындарды қалай азаптайтынын жақсы біледі. Ол Швецияға қоныс аударған соң, Батысбаспасөзіне берген сұхбатында Шыңжаңдағы концлагерь ауласындағы алаңда тұтқындардықаз-қатар сапқа тұрғызып қойып, солардың көзінше полиция қызметкерлері мен сақшылардыңжабылып бір қызды кезек-кезек зорлағанын және басқа да өзі куә болған азаптау оқиғасынайтқан болатын.
Қазір Сайрагүл Сауытбай Шыңжаңдағы саясирепрессияны әшкерелеуді өзіне мақсат етіп қойған секілді. Енді ешкім оның аузынжаба алмайды. Қытай да, Қазақстан да Сайрагүл Сауытбайға ықпал ету тетігіненайырылып қалды. Ол Қазақстан азаматтығын алған күйеуі мен екі баласын өзіменбірге алып кетті. Әпкесі мен сіңлісініңжала жауып қаралаған мына сөзінен кейін Сайрагүл Шыңжаңдағы туыстарының тағдырыүшін тіпті алаңдамайтын болады. Ал оның Қытай коммунистік билігіне қарсы күрестікүшейтуін АҚШ мемлекеттік департаментінің«Батыл әйел» сыйлығы жігерлендіре түседі.
Қытай коммунистік билігінің СайрагүлСауытбайдан қауіптенуіне тағы бір себепбар. Ол – от басы, ошақ қасында жүретін қарапайым әйел емес, күрделістратегиялық жоспар құра білетін күрескер. Бұған оның Қытайдан қашу операциясынқалай ұйымдастырғаны дәлел бола алады. Қытайдан қашу жоспарының біріншісатысында Сайрагүл Сауытбай күйеуі Уәли Ісләмді мектеп мұғалімі қызметіненбосатуды қамдады. Қытайда мұғалім мемлекеттік қызметкер болып саналады.Мемлекеттік қызметкердің басқа елге қоныс аударуына кедергі көп. Одан құтылудыңбір ғана жолы бар – мүгедектігіне байланысты зейнетке шығып кету. Ерлі-зайыптыекеуіне бірдей ондай мүмкіндік болмаған соң, отағасы Уәли Ісләм «жүйкесінің әлсіреуінеорай» зейнетке шығады да, 2016 жылы қызы мен ұлын алып Қазақстанға өтеді. Олартездетіп алты ай ішінде Қазақстан азаматтығын алады. Ебін тауып отбасының соңынанкетуді көздеген Сайрагүлге мүмкіндік болмайды. Осы кезеңде Шыңжаң билігі сондағытүркітілдес халықтардың паспортын жаппай жинап алып, «қайта тәрбиелеу» лагерьлерінетоғыта бастаған. Сайрагүл де шетелге шығатын ҚХР паспортынан сол кезде айырылыпқалады. Бұдан кейін Қытай билігі балабақша директоры қызметін атқаратын Сайрагүлдіжаңадан ашылған концлагерьдегі тұтқындарға қытай тілінен сабақ беруге мәжбүрлейді.Отбасын шекара асырып жіберген Сайрагүлге Шыңжаң билігі қысымды күшейтеді, күйеуі мен екі баласын Қытайғақайтаруды талап етеді. Бірақ ол күйеуі мен балаларының Қазақстан азаматтығын алғанынжасырып, «туысшылап кеткен еді, әне-міне келеді» деп алдаусыратады.
Оныңайтуынша, Қытай билігі 2018 жылдың көктемінде Сайрагүлді «қайта тәрбиелеу» лагеріндегі мұғалімдіктенбосатып, балабақша директоры қызметін басқа біреуге тапсырып беру үшін уақытша үйінежібереді. Себебі Қытай билігі Уәли Ісләммен екі баласының Қазақстан азаматтығына өткенін біліп қояды. Сондықтан СайрагүлСауытбайға түрмеге қамалу қаупі төнеді. Қатаң бақылауға алынған ол демалыс күні үйіндегі барлық шамды жарқыратып жағып,теледидардың даусын күшейтіп, қазанын бұрқ-сарқ қайнатып тамақ пісірудібастайды да, түн жамылып терезеден секіріп, көршісінің бақшасы арқылы қашады. Көлікжалдап, Қорғас шекарасындағы бейтарап сауда аймағына жетеді. Ертесіне сөмке арқалағансаудагер әйелдерді қалқалап, Қазақстан шекарасынан байқатпай өтіп кетеді. Осы оқиғадан-ақСайрагүл Сауытбайдың Қытайдан қашу операциясын тыңғылықты жоспарлағанын жәнеоны сәтті жүзеге асырғанын көреміз. Оның алдында және одан кейін Қытайдан қашқанқазақтардың ешқайсысы Сайрагүл Сауытбайғатеңесе алмайды.
Сайрагүл Сауытбай қазақ, қытай және ұйғыртіліне жатық, шешен сөйлейді. Қазір швед тілімен қатар, ағылшын тілін игеріпжатыр. Ол Еуропадағы өмірін Қытай коммунистік билігінің Шыңжаңдағы түркітілді мұсылманхалықтарға жасап жатқан қорлығын әшкерелеуге арнайтынын мәлімдеген. Оның Қытайбилігі үшін қауіптілігі де осында.
АҚШ үкіметі тағайындаған «Батыл әйел»сыйлығын алуға Сайрагүл Сауытбайдың қазақы оюмен зерленген ұлттық киім киіп,сырға мен алқа тағып баруы этнографиялық шоу емес, мұнда гәп бар. Бұрын әлемдікқауымдастық Шыңжаңдағы адам құқықтарының тапталуына қатысты мәселе көтерілгендеұйғырлар жөнінде ғана айтатын. Шындығында, Шыңжаңда концлагерьлердің барын,ондағы азаптауды нақты мысалмен дәлелдеп берген – қазақтар. «Батыл әйел» сыйлығынэтникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың иемденуі, оның туып-өскен жері деп, Іле-Қазақавтономиялы округінің аталуы Шыңжаңдағы саяси репрессияға жаңа сипат берді. Шыңжаңның«қайта тәрбиелеу» лагерьлерінде азап көріп шыққан, отбасы бөлініп қалған мыңдағанқазақты жігерлендіре түседі. Қамауда болып қайтқандардың ішінде Қазақстаназаматтары да бар, олардың біразы әлі Шыңжаң түрмелерінде немесе үйқамақта жазықсыз отыр.
Сайрагүл Сауытбай арқылы әлемдік қауымдастыққазақ-қытай шекарасының арғы жағын жайлап отырған 3 миллион қазақтың даазапталып жатқанын білді. Бұл Қазақстанның шетелдегі этникалық қазақтарды елгешақырып, оларға жеңілдетілген жолмен азаматтық беру жөнінде арнайы қабылдаған көші-қонзаңын, сондай-ақ босқындарға пана беруге, отбасыны бөлмеуге, ана мен бала құқығынсақтауға қатысты халықаралық конвенцияларды орындамай отырғанын әшкере қылды.Сайрагүл Сауытбайдың белсенді әрекетке көшуі Шыңжаңның байырғы халқын ұлттықерекшелігінен айырып, күштеп қытайландыруды жүзеге асырып жатқан Қытайды да, Қытайдыңсаяси-экономикалық ықпалынан шыға алмай отырған Қазақстан билігін де ыңғайсызжағдайға қалдырады.