Бүгін, 18:30
Өзбекстан тарихшысы «Қазақ хандығы болмаған, бұл - өтірік» деп мәлімдеді

Өзбекстандық тарихшы әрі өлкетанушы Борис Голендер «Қазақ хандығы ешқашан болмаған, бұл – ойдан шығарылған» деген мәлімдеме жасады.
Айтуынша, Қазақстан тек 1922 жылдан бері ғана бар. «Қазақтардың қаласы да, өз мемлекеті де болған емес. Бұрын астана болған Орынбор, Қызылорда, Алматы мен Ақмоланы орыстар салған», - дейді.
SEREDIN YouTube-арнасына берген сұқбатында тарихшы қазақтарды тұрақты жері жоқ, шашырап жүрген көшпенді болған деп сипаттайды.
Сұқбат 13 сәуірде жарияланған. Оны 220 мыңнан аса адам көрген.