Әлеумет

Бұрынғы әйелінің үйіне барып, жанжал шығарған ер адам қамалды

Жамбыл ауданында қорғау нұсқамасының талаптарын қайта бұзған 62 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

амнистия

Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері бір мекенжай бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты төрт рет хабарлама түскен.

Тексеру барысында ер адамның бірнеше жыл бойы бұрын бірге тұрған әйелінің үйіне қайта-қайта барып, жанжал шығарғаны және отбасы мүшелерін қорқытқаны анықталған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі әйелге күш қолданған.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ол белгіленген талаптарды қайта бұзған.

Аталған факті бойынша прокуратураның араласуынан кейін құқықтық баға берілді. 2026 жылғы 4 тамызда аудандық сот ер адамды ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз