Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:16, 21 Қараша 2023

Бұрынғы вице-министр Әлтаевқа үкім шықты

ӘЛтаев
Фото: из открытых источников

Астана соты мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты "пара алды" деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол өзіне тағылған айыпты теріске шығарған. Жақтастары істі "саяси тапсырыс" деп санайды.Бұған дейін прокурор Әлтаевты 12 жыл колонияға қамап, белгілі бір лауазымды қызметті атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты "саяси тұтқын" деп таныған.

Еске салайық, Әлтаевқа аса ірі көлемде ақша түріндегі пара алды деген айып тағылған. Айыптаушы тараптың мәліметінше, 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Алтаев «Атамекен» ұлттық палатасының мүддесін қорғағаны және лобби жасағаны үшін пара алған.

 

Тегтер: