Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:03, 02 Ақпан 2024

“Чукчи!” : ресейлік бапкер қазақ төрешіге тіл тигізді

ұлтараздық
Фото: из открытых источников

Қостанай қаласында өткен матч кезіндегі шудың видеосы желіде тарады. Бұл туралы Zhasalash.kz хабарлайды. 

Видеоның сипаттамасына сәйкес, оқиға медиафутбол лигасы аясында Қостанайда қазақстандық SD Family мен ресейлік 2Drots футбол командалары арасындағы матч кезінде болған.

Сипаттамада ресейлік жаттықтырушылар штабы тарапынан ұлтаралық араздықты қоздыру болып саналатыны айтылады.

Ресей бапкері Дмитрий Кузнецовтың қазақ төрешісінің шешіміне көңілі толмай, балағаттаған. Желі қолданушыларының талқысына түскен әрекет үшін көбі жаза қолдануды сұрады.

Блогер әрі қоғам белсендісі Насима Қорғанбекова өзінің Telegram-арнасында "Ресей бапкері Кузнецовтың көмекшісі қазақ ұлтына қатысты да тіл тигізгенін” жазады.

*Чукча сөзі – Ресей Федерациясының солтүстік-шығысында өмір сүретін азшыл чукча ұлтына қатысты пайда болған. Ресейде бұл сөзді қолдану балағаттау болып саналады. Бұл сөздің көбінесе азиат нәсілді ұлттардың тарапына айтылатыны белгілі.