спорт

Дастан Сатпаев «Челси» сапында 36-нөмірмен өнер көрсетеді

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы маусым алдындағы дайындық кезеңінде 36-нөмірмен өнер көрсетеді.

Сәтпаев

Айта кетейік, футболшылар жаңа маусым басталғанға дейін уақытша нөмірмен ойнауы мүмкін. Ресми маусым қарсаңында олардың ойын нөмірі өзгеруі ықтимал.

«Челси» тарихында 36-нөмірді ең табысты киген ойыншылардың бірі – клуб түлегі Рубен Лофтус-Чик. Ол лондондық клуб сапында 155 матч өткізіп, қазір Италияның «Милан» клубында өнер көрсетіп жүр.

Айта кетейік, бұл Сатпаевтың мансабындағы ең үлкен ойын нөмірі емес. Ол бұған дейін «Қайрат» клубындағы алғашқы маусымында 76-нөмірмен алаңға шыққан.

«Челси» маусым алдындағы келесі жолдастық кездесуін 28 шілдеде Австралияда жергілікті «Вестерн Сидней»клубына қарсы өткізеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз