Live

ДДҰ хантавирус штамының сегіз жағдайын растады

World Health Organization круиздік MV Hondius лайнерімен байланысты хантавирус жұқтыруының 11 жағдайын тіркеді.

Хантавирус

Оның сегізі зертханалық түрде расталған «Андес» штамы екені анықталған, деп хабарлайды DW.

Тағы екі жағдай «ықтимал» деп бағаланса, бір науқасқа қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Бұл штамның ерекшелігі — хантавирустың басқа түрлерінен айырмашылығы адамнан адамға жұға алады. Инкубациялық кезеңі 6–8 аптаға созылады. Осы уақыт аралығында белгілер байқалмауы мүмкін. Сондықтан жолаушылар арасында жаңа жағдайлар әлі де тіркелуі ықтимал.

Қазіргі уақытта үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

ДДҰ әзірге вирустың әлем бойынша кең таралу қаупін төмен деп бағалап отыр.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ-та «Андес» штамының расталған жағдайлары жоқ. Алайда 41 адам, соның ішінде Небраска мен Атлантада карантинде жатқан 18 адам ықтимал жұқтыру қаупіне байланысты бақылауға алынған.

Олардың көпшілігіне алты апта бойы үйде қалып, басқа адамдармен байланысқа түспеу тапсырылған.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, бақылаудағы 41 адамның ішінде індет анықталғанға дейін АҚШ-қа оралған жолаушылар және симптомдары болған адаммен бір рейсте болған тұлғалар бар.

Мамыр айының басында MV Hondius круиздік кемесінде хантавирус өршіген. Кеме Аргентинадан Кабо-Вердеге қарай Нидерланд туымен жүзіп бара жатқан.

Салдарынан үш жолаушы — Нидерланд азаматы болған ерлі-зайыпты және Германия азаматы көз жұмды. Сонымен қатар вирус Франция азаматы мен Испания тұрғынынан да анықталған.

MV Hondius бортында шамамен 150 адам болған. Олардың басым бөлігі АҚШ, Ұлыбритания, Испания және Нидерланд азаматтары еді.

Барлық жолаушы алдымен Канар аралдарына эвакуацияланып, кейін арнайы рейстермен өз елдеріне карантин немесе ем қабылдау үшін жеткізілген.

Ал лайнер экипаждың бір бөлігімен бірге Тенерифеден Нидерландқа бет алған. Онда кеме толық дезинфекциядан өтеді.

Тегтер: хантавирус
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз