Саясат

Динара Құлыбаеваға – 5 миллиард доллар, көп балалы аналарға – 11 мың теңге

Елімізде әлеуметтік теңсіздікті қоздырып отырған кімдер? Жақында американдық Блумберг басылымы Шығыс Еуропа мен посткеңестік елдер ішіндегі ең бай адамдардың тізімін жасап, олардың баю жолдарына тоқталды.

Динара Құлыбаеваға – 5 миллиард доллар, көп балалы аналарға – 11 мың теңге

Соның ішінде Қазақстандағы ең бай жұп — Тимур Құлыбаев пен Динара Назарбаеваны да арнайы атаған.

Ел астанасының атауы да өзінің есіміне өзгерген Назарбаевтың ортаншы қызы Динарадан артық ықпалды отбасы Орталық Азияда жоқ деген мағынада басталады бұл мақала. Ары қарай былай деп жазады: «Отбасы бизнесте де жақсы келе жатыр: Динара Қазақстандағы ең бай әйел болып саналады». Блумбергтің мәліметінше, Тимур мен Динара бизнесі тек Қазақстанда ғана емес, Дубайда да бар көрінеді. Бұл отбасының жалпы байлығын АҚШ басылымы 5 миллиард долларға жетті деп жазды.

Ең дәулетті адамдардың тізіміне шолу жасаған басылым, Тимур мен Динараның осыншама мол байлықты қайдан және қалай тапқаны туралы ләм-мим демепті. Ал бұл Қазақстан азаматтарына жақсы аян: егер Динараның әкесі Нұрсұлтан Назарбаев елді 30 жыл басқарып (қазір де билігін жалғастырып отыр), отбасы мүшелеріне экономикадағы барлық «майлы жілікті» алып бермегенде, жемқорлық пен парақорлықты өршітпегенде, жеке бастарының қамын ұлт мүддесінен жоғары қоймағанда, олардың әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылуы неғайбыл еді. Алайда, Тимур мен Динара дәулеті бұдан да көп болуы мүмкін. Тағы бір американдық басылым — Forbes мәліметінше, бұл жұптың 6,4 миллиард доллар қаражаты бар. Олар әлемнің ең бай адамдарының тізімінде 779-орында тұр. Олардың иелігінде Қазақстандағы ең ірі банктердің бірі — Халық банк бар екені белгілі. Сонымен бірге, Тимур Құлыбаев мұнай саласының «майталманы» екені баршаға аян. Батыс басылымдары Назарбаевтың күйеу баласын Қазақстанның «мұнай ханзадасы» деп те атайды. Одан бөлек, қазір Құлыбаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын да басқарады. Бұл палатаға арнайы заң қабылдап, елдегі барлық кәсіпкерлерді оның қатарына қосылуға міндеттеген. Қосылып қана қоймай, кәсіпкерлер «Атамекенге» қаласын, қаламасын, қомақты жарна төлеп тұруы да қажет. Тимур мен Динара өздерінің байлығымен Қазақстанды ғана емес, бүкіл Еуропаны «таңдай қақтырып» отыр. Өткен жазда Динара Назарбаева өзі тұрақты өмір сүретін Швейцарияда атақты Бельрив сарайын сатып алған. Швейцариялық ақпарат құралдарының жазуынша, зәулім сарайды иелігіне алу үшін Динара Нұрсұлтанқызы 63 миллион доллар төлеген. Бұл Д.Назарбаеваның Швейцариядағы жалғыз «баспанасы» емес: 2009 жылы ол 75 миллион долларға қымбат үйді сатып алған еді.

Ат төбеліндей топ Қазақстанның байлығын түгін қалдырмай «жұтып» жатқанда, елдегі көпбалалы аналар жаңа жылдан кейін тағы да шу көтеруде. Бұған себеп — жаңа жылдан бастап, әр балаға 21 мың теңгеден төленбейтін болды. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев «әр балаға 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес» деп мәлімдеді. Әлеуметтік көмек көрсету туралы заңға өзгерістерге сәйкес, енді атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тоқсан сайын өздеріне бұл жәрдемнің қажет екенін дәлелдеп отыруы тиіс. Бұдан былай төрт немесе одан да көп баласы бар отбасылар әр балаға 11 мың теңгеден алады. Сонымен бірге, төлем 74 мың теңгеден аспауы тиіс деген норма да бар.

Бұл дегеніңіз жақын уақытта көпбалалы аналардың қарсылықакциялары күшейеді деген сөз. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмекті заңсызалды деген азаматтарға қарсы да сот процестері жүруде. Олар алып қойған ақшасынмемлекетке кері төлеуі тиіс. Ал бұлардың саны кейбір деректерге қарағанда, 2мыңға жетіп отыр. Демек, билік өздері уәде еткен әр балаға 21 мың теңгені детөлемей, оның көлемін 11 мыңға дейін түсіріп жіберген.

Ал енді ойланып қараңыз. Айына бір депутаттың жалақысы 1миллион теңгеден асып жығылады. Бұған оның қызметтік көлігін, пәтерін, жолшығындарын және басқа да депутатқа бөлінетін қаражатты есептеңіз. Бір жылдарыпарламенттің шығыны бір жылда 10 миллиард теңгеге жетті деген ақпарат татарады.

Ал көпбалалы аналарға берілетін көмекті төмендетуді қалайтүсінуге болады? Қазір бізде оппозиция белсенділерін «әлеуметтік араздықтықоздырды» деп соттап жатады. Айына миллионнан жалақы алып, өздері жұмған аузынашпайтын, биліктің шешімін мақұлдағаннан басқа түк бітірмейтін депутаттарғаосыншама шығын шығарып, көпбалалы отбасыларды аздаған көмегінен айырғаны несонда? Біздіңше, әлеуметтік араздықты қоздыруды нағыз биліктің өзі істеп отыр.«Әр балаға 21 мыңнан төлеу артық» деген вице-премьерден бастап, бұл заңғаөзгерістерді қабылдап отырған парламент депутаттарына дейін жауапқа тарту керекдеп санаймыз.

Былтыр ақпан айында Астанада қасіретті оқиға орын алғаныбелгілі — бір үйдің бес бірдей бүлдіршіні өртеніп кетті. Міне, сол кезде бүкілҚазақстанды көпбалалы аналардың қарсылық акциялары шарпыды. Сол кезде билікенді әр отбасыға көмек береміз, қосымша 595 миллион доллар шамасында қаржыбөлдік деген еді. Енді ойланып қараңыз: американдық басылымның мәліметінше,Тимур мен Динараның отбасында 6,4 миллиард доллар бар. Ал жаңағы 595 миллиондоллар үкіметтің есебінше, 800 мың адамға бөлінеді. Яғни, бір отбасыныңқаржысына кем дегенде 10 жыл бойы 800 мың адамға көмек беруге болады деген сөз.Көрдіңіз бе, әлеуметтік теңсіздікті! Егер билік шынымен халық мүддесін ойласа,көпбалалы аналардың ақшасын қысқартамын деп емес, «түйені түгімен жұтқан»жемқорлардың қаржысын елге қайтарамыз, мұқтаж азаматтарға береміз, көмектесеміздемес пе еді? Бірақ ондай бір ауыз сөз жоқ. Биліктің бар есіл-дерті — әр балаға21 мың емес, 11 мың теңге беріп, мәселені жылы жауып қою. Бірақ, бұған көнетінаналар жоқ. Сондықтан, билік әлеуметтік теңсіздікті ушықтырып, көпбалалыаналардың тағы бір дүмпуін болдырғысы келмесе, қазірден олардың қамын ойлауытиіс.

Автор: Инга Иманбай.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз