Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:51, 30 Мамыр 2024

Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасына барады

в
Фото: из открытых источников

Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлайды Спорт және туризм министрлігі.

Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын растады.

Қазақстандық атлет бұл мүмкіндікке New Flag санатында қол жеткізді. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.

Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпай қалып кетті.

Қазір Қазақстан делегациясында 52 спортшы қол жеткізген 55 жолдама бар.

Фото: Спорт және туризм министрлігі

Тегтер: