Саясат

Экс-премьер премьерді «Тұрғысынға» неге апарды?

Үкімет басшысы Асқар Мәминнің Шығыс Қазақстан облысына сапарында атбасын бұрған қала, аудандардағы нысандарының барлығы БАҚ тарапынан түгенделіп,баян етілгендей болды.

Экс-премьер премьерді «Тұрғысынға» неге апарды?

Бірақ облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Алтайқаласында салынып жатқан «Тұрғысын» ГЭС-іне де барғаны үкіметтік ақпаратқұралдарының назарынан тыс қалғаны қызық болды. Бір жағынан, оның өзіндіксебебі де жоқ емес сыңайлы.

  Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінің бойынан орын тепкен су электрстансасының құрылысы бірнеше жылдан бері салынып жатыр. Премьер-министрдің олжерге баруын маңызды нысан болғандықтан, орынды санауға  болар еді. Бірақ… Аяқталуы биылғы қыркүйеккежоспарланып отырған ГЭС  құрылысына  облыс әкімінің ұлы мен күйеубаласы басшылықетіп отырғанда Мәминнің Ахметовтің «алдына түсіп» жетіп барғаны сан түрлі ойғақалдырады екен. Премьер сапарының дәл осы көлеңкелі тұсын көрсеткен «Рател. кз»(https://ratel.kz/raw/askar_mamin_osmotrel_strojku_syna_daniala_ahmetova) сайтының баяндауынша, бұл алып құрылыстың бас мердігері «KAZ.InterGroup PV» ЖШС болса, оған қоса, тағы бірқосалқы серіктестік «Eco Energy» ЖШС. Екеуінің де меншік иесі – ТалғатАхметов. Сонымен бірге құрылысқа тағы бір қатысушы, Даниал Ахметовтің қарындасыГүлнәс Кенжетайқызының күйеуі Ғаббас Бектұров екені белгілі болды.

    Айтпақшы, бұл суэлектр нысанының құрылысы ЕХРО-2017халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынүш жобаның бірі болып ұсынылғаны да бір қызық. Яғни«Тұрғысын-СЭС-1» мен «Тұрғысын- СЭС-2» су электр стансалары құрылысын және«Ертіс-Шығыс» бөгетсіз шағын су электр стансасын салу жобасы ретінде «жасылэнергияға» үн қосқанын бұл күнде біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті «Тұрғысын СЭС-1»нысаны 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылатыны туралы ақпарат тараған. Алайдатүрлі себептермен СЭС құрылысының аяқталуы созылып кетті. Дегенмен бұл жолымаңызды нысанның негізгі бөліктері аяқталып қалды. Толық аяқталуы 2020 жылғажоспарланған «Тұрғысын» СЭС-і пайдалануға берілсе, облыс аумағы электрэнергиясы тапшылығынан түбегейлі арылады деген сенім бар.  

    Әрине, шығыс өңірініңхалқы үшін маңызы зор мұндай нысан ауадай қажет екені түсінікті. Бірақ оныңқұрылысын жүргізуді облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің ұлы мен күйеубаласыныңиелігіне беріп қоюы қаншалықты әділ деген заңды сұрақ туады. Егер ТалғатАхметов пен  Ғаббас Бектұров басқа облыста осындай құрылыспен айналысып жатса ешкімніңталасы болмас еді. Ал бұл Даниал Кенжетайұлы үшін ешқандай ерсі саналмайтын,тіпті солай болуға тиісті үйреншікті жайт секілді. «Қолыңда тұрғанда қонышынанбас» дегеннің керімен білдей премьер-министрді әдейілеп әкеліп көрсеткені деоның биліктің жоғары эшелонында кіммен болсын «тонның ішкі бауындай» екенінкөрсеткендей.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз