Елімізде тағы бір сала өкілдеріне негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік берілмек
Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс берді, деп жазды Zhasalash.kz.
Министрлік ведомство басшысының бұйрығының жобасын дайындап, әскери қызметшілер қызмет өткеретін жерлердің тізбесін жариялады.
Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі
1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында;
2. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;
3. Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Текелі қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында, Алматы қаласының Бостандық ауданында;
4. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында;
5. Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Бородулиха, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында;
6. Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;
7. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;
8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарында, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалаларында;
9. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;
10. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында;
11. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында;
12. Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында;
13. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;
14. Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.