Әлеумет

Енді домбыра мен қобызды ұшаққа тегін алып кіруге болады

Қазақстанда әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Домбыра

Түзетулерге сәйкес, енді жолаушылар музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыра мен қобызды, ұшақ салонында қол жүгі ретінде алып жүруге құқылы болады. Бұл норма алғаш рет заңнамалық деңгейде бекітілмек. Аспаптар арнайы футлярда болуы тиіс, ал олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, салмағы 10 келіден аспауы қажет.

Жаңа талаптарға сай, егер жолаушы өзімен тек бір музыкалық аспап алып жүрсе, оны тасымалдау тегін қол жүгі ретінде қарастырылады. Ал аспап қосымша жүк ретінде рәсімделсе, онда белгіленген нормадан асқан жағдайда әуе компаниясының тарифтеріне сәйкес ақы алынады.

Министрлік бұл өзгерістер жолаушылардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібін нақтылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Құжатты қабылдау 2026 жылдың мамыр айының соңына дейін жоспарланып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз