Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды
Сарбаз Ербаян Мұхтардың қазасынан кейін оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев мәлімдеді.
Сенат кулуарында журналистер вице-министрден аталған іс бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
Жазықбаевтың айтуынша, Қорғаныс министрлігі бұл жағдайдан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан құрылымдарымен бірлесіп, оқиғаның қалай болғаны жан-жақты тексеріліп жатыр.
Вице-министр қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын айтты. Сонымен қатар, тәртіптік шаралар да қолданылуы мүмкін.