Live

Ербаян Мұхтардың туыстары мәйітті беруді талап етіп жатыр

Әскерде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт ем қабылдаған Ербаян Мұхтардың қайтыс болуына байланысты тағы бір даулы жағдай туындады.

Ербаян Мұхтар

 Марқұмның туыстары оның денесін өздеріне бермей жатқанын мәлімдеді.

Жақындарының айтуынша, полиция қызметкерлері Ербаянның денесін арнайы көлікке салып, мәйітханаға алып кетпек болған. Алайда туыстары бұған қарсылық білдіріп, марқұмның денесін өздеріне тапсыруды талап етті.

Instagram желісіндегі erbayan2024 парақшасында өткен тікелей эфир барысында отбасы мүшелері жағдайға алаңдаушылық білдірді. Олар Ербаянға тиісті деңгейде күтім жасалмағанын айтып, оның денсаулығына қатысты көптеген сұрақтың жауапсыз қалғанын жеткізді.

Еске салайық, Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы емделген болатын. Оның қайтыс болуы қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз