спорт

GGG-дің DAZN-дағы дебюті: «Канело»-мен трилогия жақын

8-наурыз күні DAZN стреминг қызметімен 3 жылдық келісім-шартқа отырғалы бері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ендігі қарсыласы кім болуы мүмкін деген сұрақ қызу талқыланып жатыр.

GGG-дің DAZN-дағы дебюті: «Канело»-мен трилогия жақын
Бұл сұрақтың алғашқы бір нұсқасын Boxing247.com журналисті Джеймс Слейтер айтты. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады. Журналистің болжамынша Гловкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегіне жарайтын екі боксшы бар.Қазірге бір анық нәрсе – Головкиннің маусым айында рингке шығатыны. Ал, негізгі жауапты бүгін-ертең белгілі болуы мүмкін. Өйткені, наурыздың 11-нен 12-не қараған түні Лос-Анджелесте Головкин мен DAZN арасындағы ықпалдастық жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Осы кеште қазақстандықтың маусымдағы қарсыласының аты аталуы мүмкін деп күтілуде.Ал, журналист Слейтер бұл жайлы:«Маусымда Головкиннің қарсыласы кім болуы мүмкін? Давид Лемье? GGG-дің DAZN-дегі дебюті үшін лайықты қарсылас, бір жағынан қауіпсіз деуге болады. Бірақ Лемье 160 фунтқа қайта түсе ме? Мүмкін, Хайме Мунгия? Бұл қызық жекпе-жек болатын еді. Алайда мексикалық жас жұлдыз GGG-ге қарсы тұруға дайын ба?Күтпеген жекпе-жек болуы мүмкін бе? DAZN-нің қолында дайын біреу бар шығар. Дегенмен Головкиннің кіммен жұдырықтасатынын айту қиын. Алайда оны жақында үлкен жекпе-жектер күтіп трғанын білеміз. „Канеломен“ трилогия жақын (немесе Головкин — Джейкобс қарымтасы)», — дейді.Фото: vesti.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз