Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 10 Желтоқсан 2024

Гүлсая Ержан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

1
Фото: из открытых источников

Қазақстандық боксшы Гүлсая Ержан Тайландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Гүлсая Ержан 81 кг салмақ дәрежесіндегі финалда украиналық Карине Айрапетянмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Гүлсая Ержан жартылай финалда өзбекстандық Сохибо Рузметовадан басым түскен еді. Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға жіберген.

Қазір Қазақстан қоржынында Таиландтағы Азия чемпионатының 4 алтын, 6 қола жүлдесі бар. Осыған дейін Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) Азия чемпионы атанған болатын. Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг), сондай-ақ ерлер арасында Ерасыл Жақпеков (80 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлде еншіледі. 

Тегтер: