Қазақстан құрамасы тау шаңғысы халықаралық жарысында төрт медаль иеленді
Италияның Бардонеккия курортында шаңғыдан SCIJ (The Ski Club of International Journalists) халықаралық жарысы өтіп жатыр.
Биыл SCIJ халықаралық жарысына Қазақстан атынан Татьяна Николаева, Наталья Качалова, Анастасия Наумецкая, Сраил Смайыл, Диас Нұрақын, Руслан Сәрсеев, Сұңқар Қарабалин, Егор Ильин қатысып жатыр.
Жарыстың бірінші күні SCIJ-Kazakhstan клубының журналистері төрт жүлде жеңіп алды. 4,5 шақырымдық шаңғы жарысында клуб тарихында тұңғыш рет әйелдер арасында Татьяна Николаева алтын медаль иеленді. Наталья Качалова өткен жылғы нәтижесін қайталап, күміс жүлдегер атанды. Анастасия Наумецкая 4 шақырымдық жарыста құлап қалып, 19-орын алды.
Сұңқар Қарабалин осыдан бір жылғы бұрынғы нәтижесін қайталап чемпион атанды. Руслан Сәрсеев тоғызыншы орыннан көрінді.
Ал жастар санатында Егор Ильин алтын иеленді. Диас Нұрақын өткен жылмен салыстырғанда нәтижесін жақсартып, бесінші орынға ие болды.
Супер-синьор санатында Сраил Смайыл өткен жылғы нәтижені жақсарта отырып, жарысты алтыншы болып аяқтады.
Айта кетейік, SCIJ шаңғы халықаралық клубының 70 жылдық тарихы бар. Оған жыл сайын 31 елден 3 мыңнан астам журналист қатысады. Жыл сайын клуб мүшелерінің кездесуі әлемнің ең жақсы тау курорттарында өтеді. Айтпақшы, 2024 жылы клуб отырысы еліміздегі Шымбұлақ тау шаңғысы курортында өткен.