09:10, 10 Ақпан 2025
Хамитов тарихи жеңіске қол жеткізді

Қазақстандық биатлоншы Ербол Хамитов парабиатлоннан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған тұңғыш ел өкілі атанды.
Хамитов Поклюкада (Словения) өтіп жатқан турнирде 12,5 шақырымдық жекелей жарыста үздік атанды. Параспорт комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық 35:29.01 нәтижемен жеңіске жетті. Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонски (35:36,3), үшінші орынды америкалық Аарон Пайк (35:37,8) иеленді.
Сондай-ақ жарыстың бірінші күнінде қазақстандық параспортшы 7,5 шақырымдық спринтте 20:55 нәтижемен қола жүлдені жеңіп алғаны атап өтілді.