09:29, 01 Ақпан 2024
Қаңтар оқиғасы бойынша тәркіленген қару-жарақтың жоғалғаны рас па?
Алматы қалалық полиция департаменті жауап берді
Әлеуметтік желілерде сақтау қоймасын тексеру барысында полицейлер тәркіленген қару-жарақты сатып жіберді деген ақпарат тараған болатын. Қалалық полиция департаменті ақпараттың рас-өтірігін айтты.
"Тексеріс барысында департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы 2023 жылы қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару-жарақтың, сондай-ақ оларды кері сатып алу науқаны аясында тұрғындар тапсырған қарудың жетіспеу дерегін анықтады".
Жауаптан түсінгеніміз қоймада қару-жарақ шынымен де жетіспейді.
Алайда қаңтар оқиғасы бойынша тәркіленген қару емес, өзге қылмыстық істер бойынша тәркіленген қару. Кейбірін науқан аясында тұрғындар өз еркімен тапсырған.