Қарағанды облысында үш бала ток соғып зардап шекті
Қарағанды облысының Теміртау қаласында үш кәмелетке толмаған бала электр тогының соғуынан зардап шекті. Бұл туралы ҚазТаг жазды.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері жан-жақты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.