Live

Қарағандыда саяжай аумағында ер адам мен әйелді атып өлтірді

Қарағандыда саяжай қоғамдарының бірінің аумағынан екі адамның мәйіті табылып, полиция кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

қару-жарақ

Полицияның мәліметінше, 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан атындағы аудандағы саяжай массивінен оқ жарақатының белгілері бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған.

Әлеуметтік желілерде қылмыс «Оптимист» саяжай қоғамында болғаны, ал қаза тапқандардың бірі сол қоғамның төрағасы, екіншісі қоғамдық белсенді екені жазылып жатыр.

Полиция қызметкерлері 56 жастағы күдіктіні анықтап, ұстаған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам кінәсін мойындаған және уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Оқиға бойынша кісі өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қылмыстың мән-жайы мен ықтимал себептерін анықтап жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды. Күдіктінің кінәлі не кінәсіз екенін сот анықтайды.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз