спорт

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері ауыса ма?

«Қайрат» футбол клубы ақпараттық кеңістікте тараған бас бапкердің ауысуы мүмкін деген мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Рафаэль Уразбахтин

Клуб басшылығы Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім артатынын атап өтті. Қазіргі таңда маманмен жасалған келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін күшінде, әрі бас бапкер қызметіне қатысты қандай да бір өзгерістер қарастырылып жатқан жоқ.

«Уразбахтиннің жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Осы маусымда жеті тур қорытындысы бойынша «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұр», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. 

Клуб өкілдері мұндай ақпараттардың таралуын команда төңірегінде жасанды шиеленіс қалыптастыруға және ішкі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет ретінде бағалайды. Осыған байланысты «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерді, бұқаралық ақпарат құралдарын және футбол қауымдастығын тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге және тек ресми ақпаратқа жүгінуге шақырды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз