Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:51, 08 Ақпан 2024

Қайрат Сатыбалдыұлынан тағы 44,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыұлы
Фото: из открытых источников

Бұл туралы антикор төрағасы Асхат Жұмағали жедел кеңесте мәлімдеген, деп жазды Zhasalash.kz.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Қ. Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды. Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді, – делінген агенттіктің хабарламасында. 

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығынды өтеу үшін қаражат республикалық бюджетке жіберілді.

Еске саламыз, өткен айда Антикордың ресми өкілі жалпы Қайрат Сатыбалдыұлынан мемлекетке 650 млрд теңгенің активі қайтарылғанын хабарлаған еді.

Сонымен қатар, бір жыл бұрын Антикормен бизнесті қорғау жұмысы аясында «Бизнеске жол» жобасы іске қосылды. Ол жергілікті жерлерде кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жүйелі әкімшілік кедергілерді жоюға арналған. Жоба іске қосылған сәттен бастап 600-ден астам проблемалық кейс шешіліп, 30 мыңға жуық кәсіпкерге көмек көрсетілген.