Live

Қазақстан Еуропадан босқын қабылдамайды

Қазақстан Еуропа елдерінен босқындарды қабылдау немесе оларды ел аумағында орналастыру туралы ешқандай келісім жасамаған.

Ерлан Жетібаев

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Еуроодақпен немесе оның мүше мемлекеттерімен шетел азаматтарын қабылдау, ұстау, транзиттеу немесе арнайы орналастыру орталықтарын құру мәселесі бойынша келіссөздер жүргізбеген.

Қазақстан тарапы Еуропалық Одақпен немесе оған мүше мемлекеттермен ел аумағында ҚР азаматы болып табылмайтын және еуропалық мемлекеттерден қайтарылуға немесе депортациялануға тиіс тұлғаларды қабылдау, ұстау, транзиттеу немесе орналастыру орталықтарын құру жөнінде келіссөздер жүргізген жоқ, - деді Ерлан Жетібаев.


СІМ өкілінің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстан мен Еуроодақ арасында азаматтарға виза беру тәртібін жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр. Алайда бұл келіссөздер Қазақстанның өзге мемлекеттерден депортацияланған адамдарды қабылдауына қатысты емес.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Еуропалық одақ Қазақстан мен Өзбекстан аумағында мигранттар мен босқындарды орналастыруға арналған арнайы орталықтар ашу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. БАҚ мәліметінше, мұндай бастаманы Нидерланд, Аустрия, Дания, Германия және Грекия қолдайды.

Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, ел аумағында еуропалық босқындарды қабылдау жөнінде ешқандай келісім жоқ екенін мәлімдеді.

Тегтер: босқын
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз